Қола жүлдегер Александр Герлиц қанша сыйақы алады

Сурет: Ұлттық олимпиада комиететі
8 наурыз күні Қысқы паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц қола жүлдеге ие болды. Ол жанкүйерлеріне алғыс айтып, қыз-келіншектер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді Александр Герлиц қола жүлдесі үшін 75 мың доллар көлемінде (38 миллион теңге) сыйақы алады.

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан атынан алтын алғандарға 250 мың доллар, күміс жүлдегерлерге 150 мың доллар, ал қола алғандарға 75 мың доллар сыйақы белгіленген.

Айта кетейік, Бейжіңдегі қысқы Паралимпиадаға Қазақстан атынан Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин қатысып жатыр. Біздің спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері бақ сынайды. Паралимпиада 13 наурызда аяқталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек