Биатлоннан 10 шақырымдық жарыста қола жүлдені жеңіп алғаннан кейін Александр Горлиц (LW6 класы, тұрып) шаңғы жарысына шықты.
Іріктеу және жартылай финал елегінен өткен қазақстандық ойыншы жүлде берілетін негізгі финалға шықты.
Спринтте жүру кезінде кейбір жағдайлар күтеген жерден болады. Алғашында Александр үздік үштікте болып тұрған еді. Бірақ жарыс барысында өрмелеудің бірінде ол көшбасшылардан сәл қалып қойды.
Нәтижесінде Герлиц бесінші орынға ие болды. Ол спринттік қашықтықты 3 минут 13,0 секундта жүріп өтіп, жеңімпаз – француз Бенджамин Давьерден (LW2 класы, тұрып) 5,5 секундқа қалып қойды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы No1435 қаулысына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар медаль үшін ғана емес, сонымен қатар үздік алтылыққа енгені үшін мемлекеттен сыйлықақы алады.
Осылайша Александр Герлиц тек қола жүлде (75 мың доллар) үшін емес, 5-орын (10 мың доллар) үшін де марапат алуы керек.