Паралимпиада-2022: Александр Герлиц 54 млн теңгеге жуық сыйақы алады

Сурет: ҰПК
Қазақстандық Александр Герлиц 2022 жылғы қысқы Паралимпиада жарыстарындағы ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Герлиц үшін қысқы Паралимпиада-2022-дегі бұл бақ сынаған соңғы жеке жарысы болды.

Әу, бастан көшбасшылық тізгінін жарыс иелері - қытайлық паралимпиадашылар мықтап ұстап, ешкімді алға жібермеді. Олар бірінші және үшінші орындарды иеленді. Француз шаңғышысы жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Осы Паралимпиадада биатлоннан қола медаль иеленген қазақстандық Александр Герлиц шаңғы жарысында өз жетістігін қайталау үшін бар күшін салды, алайда ол құрметті V-орынға ие болды.

Бұл жоғары нәтиже Александрға Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткені үшін берілетін жүлде сомасын 105 мың долларға дейін (қазіргі бағам бойынша шамамен 54 млн теңге) ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Паралимпиаданың қола медалі үшін Герлиц 75 мың доллар сыйақы алады, спринтте шаңғы жарысынан V-орын, 12,5 шақырымдық биатлон және 12 шақырымдық шаңғы жарыстары үшін әрқайсысына тағы 10 мың доллардан алады.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды