Astana Qazaqstan Team командасының капитаны Алексей Луценко ауыр жарақат алды

Сурет: Instagram/lutsenko_alexey
Дайындық кезінде ауыр жарақат алған Astana Qazaqstan Team қазақстандық велоклубының көшбасшысы әрі капитаны Алексей Луценко белгісіз уақытқа дейін қатардан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алексей Луценко Испанияның Тенерифе өңіріндегі Тейде қаласындағы дайындық жаттығуы кезінде құлады, деп хабарлайды елордалық клубтың баспасөз қызметі.

Кенеттен қатты жел тұрып, салдарынан шабандоз сол жағына ығып кетті. Қатты құлаған Алексей жергілікті ауруханаға жеткізілді, онда оған сол жақ бұғанасы мен иығы сынған деген диагноз қойылды.

Жақын арада Алексей Луценко ота жасау үшін Бельгияға жеткізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды