Рината Сұлтанова мен Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионы атанды

Сурет: Instagram/kcf.kz
27 наурызда Тәжікстанда өткен шосседегі Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар Рината Сұлтанова мен Евгений Федоров алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Велошабандоз Рената Сұлтанова 24 шақырымдық қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті. Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды (+01:39.450).

Айта кетейік, Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанды.

Сурет: Instagram/kcf.kz

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір алтын медальді Евгений Федоров салды. Ол элитадағы ерлер арасында жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті. Осылайша Азия чемпионы 24 шақырымды 28 минут 45.197 секундта жүріп өтті. Екінші орында жапондық Нариуки Масуда, ал үшінші орынды өзбек спортшысы Мұратжан Халмұратов еншіледі.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды