Футболдан Әлем чемпионаты-2022: Жеребе қорытындысы жарияланды

Сурет: fifa.com
Дохада (Катар) футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының топтық турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тартылған жеребе қорытындысы бойынша:

А тобы: Катар, Эквадор, Сенегал, Нидерланды;

B тобы: Англия, Иран, АҚШ, Уэльс / Шотландия / Украина;

С тобы: Аргентина, Сауд Арабиясы, Мексика, Польша;

D тобы: Франция, Перу / Австралия / БАӘ, Дания, Тунис;

E тобы: Испания, Коста-Рика/Жаңа Зеландия, Германия, Жапония;

F тобы: Бельгия, Канада, Марокко, Хорватия;

G тобы: Бразилия, Сербия, Швейцария, Камерун;

H тобы: Португалия, Гана, Уругвай, Оңтүстік Корея.

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино жеребе тарту алдында сөз сөйледі.

Бұл әлем чемпионаты әлемде өткен футбол чемпионатының ең мықтысы әрі Жер бетіндегі ең үлкен шоу болады. Әлем Катарда бас қосады. ФИФА президенті Джанни Инфантино

Турнир 2022 жылдың 21 қарашасынан 18 желтоқсанына дейін өтеді. Катар футбол тарихындағы Таяу Шығыстағы әлем чемпионатын қабылдаған алғашқы мемлекет болып табылады.

Тұсау кесер матч 21 қарашада әл-Хордағы "әл-Байт" стадионында өтеді. Катар құрамасы Эквадор командасына қарсы өнер көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді