Қазақстандық таэквондошы Испаниядағы турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Испанияның Аликанте қаласында таэквондодан рейтингтік Spanish Open G2 халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық таэквондошы Әділет Базарбаев бұл турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

63 келі салмақта өнер көрсеткен Әділет Базарбаев барлық жарыстың финалдық бөлігінде ғана жеңіліп қалды. Ол бірінші белдесуінде Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының вице-чемпионы тай Тавин Ханпрабты жеңді. Одан әрі алматылық таэквондошы жартылай финалға өтіп, Еуропа чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері түрік спортшысы Хакан Рекберді жеңді.

Осы табысының арқасында Әділет Базарбаев 12 ұпай жинады. Бұл жеңісі спортшының халықаралық рейтингте көтерілуіне ықпал етеді

Еске слайық, халықаралық турнирде Әділет Базарбаевтан бөлек тағы бес қазақстандық таэквондошы бақ сынаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды