Қазақстан құрамасы Bille Jean King Кубогының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Сурет: ktf.kz
Үндістанның Нью-Дели қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен Billie Jean King Cup 2022 жарысының топтық біліктілік кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу жарыстары бастала салысымен Оңтүстік Корея, Сингапур және Вьетнам командаларымен бірге D тобына кірген қазақстандық теннисшілер кореялықтарды жеңді, деп хабарлайды ҚФТ баспасөз қызметі.

Бірінші болып Ярослава Шведованың шәкірттерінің бірі Асылжан Арыстанбекова кортқа шықты. Оның Ким Е Юнге қарсы ойыны өте қызықты әрі тартысты өтті, жеңіс біздің ойыншының еншісінде. Есеп: 3:6, 6:4, 6:0.

Екінші матчта Айя Нұпбай екі сетте Сон Ха Юнды 6:1, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты. Жеңімпаз үшінші шешуші жұптық ойында анықталды. Айя Нұпбай Карина Жұмаджановамен бірге бір сағат бойына Сон Ха Юн мен Ким Е Юнға қарсы ойнады. 6:4, 6:1 есебімен қазақстандықтар басым түсті.

5 сәуірде қазақстандық жасөспірімдер бірінші турда Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтып кеткен Вьетнам командасына қарсы ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады