Қазақстандық шахматшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері көмитеті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ең жас әлем чемпионы атанған Бибісара 17 жасында осы ұйымның арнайы сертификатына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Әйелдер арасындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы 2004 жылы 26 ақпанда туған қазақстандық Бибісара Асаубаева. Бибісара 2021 жылы 30 желтоқсанда Польшаның Варшава қаласында өткен блиц бойынша әйелдер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатында 17 жас 307 күн ішінде жеңіске жетті», - делінген ресми құжатта.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева блицтен бірінші орын алып, әйелдер арасында әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы атанды.

Қазақстандық шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваны осы жетістігімен құттықтады.

Қазақстандық шахматшы тарихта алғаш рет шахматтағы жетістіктері үшін рекордтар кітабына енгенін атап өткім келеді. Әрине, бұл рекорд талай еңбектің жемісі, әрі өскелең ұрпаққа үлкен мотивация, әрі бағдар. Оның алдағы уақытта да спорт шыңдарын бағындырып, алға қойған жоспарларының орындалуына тілектеспіз! – деп жазылған хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі