Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Бүгін, яғни 8 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин қырық жасқа келген туған күнін атап өтеді. IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мерейтойын Токиода тойлап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геннадий Головкин – The Ring журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік боксшылардың бірі, 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазіргі IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBA және WBC орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы.

Сурет:  Instagram/gggboxing

Головкин бокс әлемінде жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын жеңген қарымды нокаутер ретінде танымал.

Ол тоғыз жыл қатарынан: 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Спортшының есімі орта салмақтағы нокауттардың ең жоғары пайызы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Сурет: Instagram/gggboxing

Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2006 жылы 72 келіге дейінгі орта салмақ дәрежесінде өткізді. Осы уақытқа дейін ол 43 рет жекпе-жек өткізіп, оның 36-сын нокаутпен, бір рет тең және бір рет жеңіліспен аяқтады. GGG-нің жалғыз жеңілісіне мексикалық Сауль Альварес себеп болды.

Головкин өзінің 44-жекпе-жегін 9 сәуірде WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездесуде өткізеді.

Мен қырыққа келемін, өзімді әлі де керемет сезінемін. Қашанға дейін жұдырықтасамын? Күшім сарқылғанша. Жекпе-жектерге өзім үйренген деңгейде дайындалуға шама келгенше. Ал спортта ұзақ жүруімнің сыры неде? Жаман әдеттің жоқтығы. Геннадий Головкин

Геннадий жұбайы Алина екеуі үш бала тәрбиелеп отыр: олардың бір қызы мен екі ұлы бар.

Қызықты Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: