Геннадий Головкин қарсыласын нокаутқа жіберіп, WBA белбеуін еншіледі

Сурет: Instagram/gggboxing
Жапонияның Сайтама қаласында орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белбеуінің иегері Риото Мурата қолғап түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Головкин-Муратаның жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, үш титулды жеңіп алу құқығы да берілген. Тоғызыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Головкин жекпе-жекті ұйымдастырушылар мен шоуды тамашалауға келген көрермендерге алғысын білдірді. Ол Риото Мурата тамаша әрі табанды спортшы екенін атап өтті.

Мен барлық жанкүйерлеріме, әсіресе Қазақстаннан арнайы ат арылтып жеткен жанкүйерлеріме де алғыс айтамын. Рахмет сіздерге, жігіттер. Алға Қазақстан! Геннадий Головкин

Жекпе-жекті пуэрториколық төреші Луис Пабон бағалады. Қызу шайқастың басым бөлігінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин басым түсіп отырды.

Жекпе-жек алдында Геннадий 40 жасқа толған еді. Спортшыны мерейтойымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Қазақстан
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті