«Токиомен танысудың сәті түсті»: Геннадий Головкин Жапониядан фото бөлісті

Сурет: instagram/gggboxing
9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белбеуінің иегері Риото Мурата қолғап түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Головкин-Муратаның жекпе-жегі 12 раундқа есептелген еді. Тоғызыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Жапония халқына қонақжайлық пен бізге танытқан ыстық ықыласы үшін, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған әдемі бокс кеші үшін алғыс айтамын. Мені қолдаған барша жанкүйерлеріме шексіз рахмет! Геннадий Головкин

Бүгінде Геннадий Жапонияда түскен фотоларын желіде бөлісіп жатыр. Спортшы Токио көшелерін аралап, қала тынысымен танысып жүр.

Токиомен танысудың сәті түскен кез, – деп жазды Геннадий Головкин.

Айта кетейік, 8 сәуір күні боксшы 40 жасқа толды. Оны мерейтойымен президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Қазақстан
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады