Қазақстандық спортшы Голландияда өткен марафонда 35 жыл бұрынғы рекордты жаңартты

Сурет: Instagram/zhanmamazhan
Семейлік спортшы Жанна Мамажанова Нидерландының Роттердам қаласында өткен дәстүрлі халықаралық марафонда Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Токио-2020 олимпиадасының қатысушысы Жанна Мамажанова Роттердамда елді елең еткізді, деп жазды altaynews. Қазақстандық қыз 42 шақырым 195 метрді 2 сағат 26 минут 54 секндта бағындырды. Бұл көрсеткіш оған марафонның қола жүлдесін жеңіп алуға, сондай-ақ осы қашықтықта Қазақстанның рекордын жаңартуға мүмкіндік берді.

Жанна Мамажанова бұған дейінгі ең жоғары жетістікті бірден 63 секундқа асып түсті. Алдыңғы рекордты алматылық аңыз Зоя Иванова 1987 жылы 15 қарашада Токиода орнатқан еді. Араға отыз бес жыл салып қана нәтиже өзгерді.

Сурет: Instagram/zhanmamazhan

Бұл жетістік Жаннаға жазда АҚШ-тың Орегон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысуға жол ашты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі