Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен Азия чемпионы болды

Сурет: instagram/drs_kz
Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, ол финалда Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хан Суды уақытынан бұрын жеңді.

Айта кетейік, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырынын жерге тигізді. Ұлан-Батыр қаласында, күндізгі сессияда Мейіржан Шермаханбет (67 кг) бірінші жекпе-жегінде үндістандық Сачин Сахраватты таза ұтты (8:0). Содан кейін жартылай финалда өзбек Махмуд Бахшиллоевты жарты жолда қардырды (6:3).

Еске сала кетейік, 2019 жылғы Азия чемпионатының ақтық сынында екі балуан белдесіп, жеңісті Хан Су әкеткен еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді