Мәдина Бақбергенова Азия чемпионатында алтын медаль еншіледі

Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақстандық спортшы Мәдина Бақбергенова (68 келі) финалда Олимпиада жүлдегері қырғызстандық Мээрім Жұманазарованы жеңіп, әйелдер күресі құрамасының қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан Мәдина Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. 68 келіде белдескен Мәдина Бақбергенова финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері Мейірім Жұманазарованы жеңді.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, финалда Мадина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, белдесу соңына қарай ұтымды әдіс жасап, есепті алға жылжытты. Нәтижесінде белдесу соңында отандасымыз қарсыласынан 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы