Елена Рыбакина Штутгарт WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шығу үшін өткен тартысты ойында испаниялық Паула Бадосаға есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымындағы матчта Елена Рыбакина әлемдік әйелдер теннисіндегі көшбасшылардың бірімен бақ сынасты. Ойын өте тартысты өтіп, испан спортшысы тек үшінші сеттің тай-брейкінде Рыбакинаны ұта алды.

Паула Бадоса бірінші партияда жақсы өнер көрсетті – 6:2 , ал одан кейінгі екіншісінде 4:6 есебімен ұтылды, ойынның соңғы бөлігі - тай-брейкте әоған сәттілік бұрылды. Есеп - 7:4.

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды