Жәнібек Әлімханұлы Дэнни Дигнумды екінші раундта-ақ нокаутқа жіберді

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) британдық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өз мансабында жеңіліп көрмеген боксшылар Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) Resorts World Las Vegas ойын-сауық кешенінің аренасында қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап қазақстандық ағылшынды тықсыра қуып, бірінші раундта-ақ нокдаунға түсірді.

Жәнібек шешуші соққыны екінші раундта жасап, Дэнни Дигнумды нокаутқа жіберді.

Қазақстан боксшысы осылайша WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Ал британдыққа кәсіби деңгейдегі мансабындағы алғашқы жеңілісін қабыл алуға тура келді.

Дигнумды сұлатып салған қазақ екі әлем чемпионы – Чарло Джермелл мен Деметриус Андраданы рингте күтетінін мәлімдеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті