Франциядағы гимназиадада Қазақстан оқушылары 72 медаль жеңіп алды

Сурет: Instagram/isfsports
Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан оқушылары 72 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Telegram -да министр жеңіп алынған 72 медалдің 28-і алтын, тағы 28-і күміс және 16-сы қола екенін атап өтті.

Қазақстан оқушылары таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресінен өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Қазақстандық білім алушылар мектеп оқушыларына арналған Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отырғанын еске сала кетейін. Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді. Командаға күш-жігер, қайрат және жаңа жеңістер тілеймін. Біз сендерді мақтан тұтамыз! ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Гимназиада - 2022 француз қаласы Нормандияда 14-22 мамыр аралығында өтіп жатыр. Бұл - 16-18 жастағы мектеп оқушыларына арналған ірі мультиспорттық жарыс

Турнирді тоғыз қала қабылдайды. Жарысқа спорттың 17 түрінен, сондай-ақ үш паралимпиадалық дисциплина бойынша 64 елден спортшылар қатысып жатыр. Турнирге барлығы 3600 жас атлет келді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды