Әлімханұлы The Ring рейтингісінде Головкинді қуып жетейін деп қалды

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа жібергеннен кейін The Ring рейтингісіне бірнеше сатыға көтерілді. Әлімханұлы WBO-ның "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Беделді The Ring журналы барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингісін жариялады, деп жазады sports.kz.

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин көшбасшы болып саналады, екінші орында WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло, ал үшінші орында WBO нұсқасы бойынша чемпион Деметриус Андраде тұр.

Қазақстанның тағы бір өкілі, алтыншы орындағы Жәнібек Әлімханұлы бір сатыға көтеріліп, бесінші орынға жетті.

Бұған дейін Әлімханұлы британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, WBO-ның "уақытша" әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

The Ring нұсқасы бойынша орташа салмақтағы 10 үздік боксшылар тізімі келесідей:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды