Үстел теннисінен Қазақстанның әйелдер құрамасы іріктеу турнирінде жеңіске жетті

Сурет: ttfrk.kz
Үстел теннисінен Қазақстанның әйелдер құрамасы Орталық Азиядағы іріктеу турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, қыздар күзде Лаоста өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Қазақстанның үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметі.

Финалда қазақстандық Сарвиноз Мірқадырова, Ангелина Романовская, Анель Бахыт және Алиса Цвигун өзбекстандық спортшыларды ұтып кетті. Үшінші орын Иран құрамасына бұйырды.

Қазақстанның ерлер құрамасы Ираннан ұтылып қалып, екінші орынға ие болды. Өзбекстан өкілдері "қоланы" місе тұтты.

Турнир Алматыда өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады