Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екінші орын алды

Сурет: Instagram/kaz_judoteam
Австрияның Граце қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы өтті. Бұл жарыста қазақстандық дзюдошылар алты медаль жеңіп алды: екі алтын, екі күміс және екі қола, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) көтерілді.

Мерей Марханбетов (60 келі) пен Аида Тойшыбекова (78 келі) Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды.

Максим Мейірлан (81 келі) пен Есмигүл Куюлова (63 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Сурет: Instagram/kaz_judoteam

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы дзюдоның негізін қалаушы жапондықтарды артқа тастап, жалпыкомандалық медальдық есепте екінші орынға көтерілді.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды