Рита Бакишева таэквондодан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сурет: olympic.kz
24 маусымда Оңтүстік Кореяның Чунчон қаласында таэквондодан Азия чемпионаты басталды. Ал осы жарыстардың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

46 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Рита Бәкішева жарысты екінші айналымнан бастап, Кувейт спортшысын 2:0 есебімен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға шығуға мүмкіндік алды.

Бірақ жартылай финалдық белдесуде Рита Бакишева Тайландтан келген қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Басқа қазақстандық таэквондошылар чемпионаттың алғашқы күнінде жеңімпаздар қатарына кіре алмады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды