FIFA Катардағы футболдан Әлем чемпионатының басталу мерзіміне өзгеріс енгізді

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) қараша-желтоқсан айларында Катарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатының басталу мерзіміне енгізілген өзгерісті мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының ашылу матчы 21 қарашадан 20 қарашаға ауыстырылды, деп хабарлайды FIFA баспасөз қызметі.

Турнир қожайыны - қалыптасқан дәстүр бойынша чемпионатты ашуы тиіс, алайда кесте бойынша бұл күндері Катар мен Эквадордың ойыны алдында Нидерланд – Сенегал және Англия – Иран матчтары тұр.

Катар командасы Эквадор құрамасымен бір күн бұрын ойнайды, яғни жексенбіде, 20 қарашада, жергілікті уақыт бойынша 19:00-де. Сенегал мен Нидерландтың кездесуі 21 қараша, дүйсенбі, сағат 13:00-ден 19:00-ге дейінгі аралыққа ауыстырылды.

Бұл шешім өзара бәсекелестікті бағалаудан кейін, сондай-ақ негізгі мүдделі тараптар мен ойынды қабылдап алушы елмен арада өткізілген тиянақты консультациялар мен келісімнен кейін қабылданды. Билет алғандардың электронды поштасына аталған матчтың кейінге қалдырылғаны және олардың билеттеріндегі күн мен уақыттың өзгергеніне қарамастан өз күшін сақтайтындығы туралы тиісті хабарлама жолданады, – делінген федерация хабарламасында.

Айта кетсек, футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың 20 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катардағы бес қаланың сегіз стадионында өтеді.

FIFA
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: