Қазақстан Ислам ойындарын жалпыкомандалық есепте 5-орынмен аяқтады

Сурет: Instagram/drs_kz
Түркияның Конья қаласында Қазақстан құрамасының қатысуымен өткен V Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды. 54 ислам мемлекетінің спортшыларымен өткен жарыста қазақстандық спортшылар делегациясы 89 жүлдеге ие болды: 27 алтын, 23 күміс және 39 қола, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыстарда Қазақстанның намысын жарыстың 16 түрі бойынша 125 спортшы қорғады. Екі апталық шайқастардың қорытындысы бойынша қазақстандықтар жеңіс тұғырының ең биік сатысына 27 рет көтеріліп, жалпыкомандалық медальдық есепте бесінші орыннан көрінді.

Ал Ислам ойындарының көшбасшысы Түркия болды. Түріктердің еншісінде 341 медаль бар: 145 алтын, 107 күміс және 89 қола. Олардан кейін Өзбекстан, Иран және Әзірбайжан тұр.

Салыстыру үшін айта кетейік, 2017 жылы өткен IV Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы сапында спорттың 7 түрінен 35 спортшы қатысқан еді. Нәтижесінде қазақстандықтар 2 алтын, 5 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 14-орынға тұрақтаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы