Жәнібек Әлімханұлы бокстан WBO тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/janibek_qazaqstyle
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлыорта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанын ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалығын спортшының өзі де Instagram парақшасында жариялады. Толыққанды чемпион Деметриус Андраде Жәнібекпен кездесуден бас тартып, басқа дивизионға ауысуына байланысты, толыққанды чемпион атағына Жәнібек автоматты түрде қол жеткізді.

Осылайша, қазақ спортшысы алғаш рет бұған дейін ешкім иелене қоймаған WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл титулдың бұрынғы иегері Андраде екінші орта салмаққа көтерілді. Енді ол британдық Зак Паркермен жұдырықтасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді