"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Сурет: hcbarys.kz
"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы алғашқы жетістігімен жанкүйерлерін қуанта алды. Қазақстан командасы Челябінің "Тракторын" 3: 1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық ұжымды "Барыс Арена" мұз айдынына капитан белгісін таққан канадалық шабуылшы Линден Вей алып шықты, ол осы кездесудің 7-ші минутында гол соғып, есепті ашты.

9 минуттан кейін Кирилл Савицкий алаң қожайындарының басымдығын тағы да арттырды.

Бірақ "Барыс" жанкүйерлерінің қуанышы ұзаққа созылмады. Бірінші 20 минуттың соңында, үзіліске сегіз секунд қалғанда қарсы тараптың фин шабуылшысы Теэму Пулккинен бір шайба соқты.

Ойынның соңына бес секунд қалғанда қазақстандық команданың жаңа капитаны Линден Вей дубль жасады.

Келесі ойынды "Барыс" өз алаңында 15 қыркүйекте Омбының "Авангардымен" өткізеді.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек