Зарина Нұрғалиева Румынияда шахматтан өткен Әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі

Сурет: Facebook/Darmen Sadvakasov
Қазақстанның жас шахматшысы Зарина Нұрғалиева Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Facebook-те Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жазды.

Сондай-ақ чемпионатта Қазақстан атынан Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгі санатта күміс медальді, ал Ансат Алдияр 14 жасқа дейінгі санатта қола медальді еншіледі.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттар бойынша бейресми медальдық есепте әлемнің 72 елінің арасында екінші орынға орнықты.

Балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушылары Евгений Владимиров пен Антон Филипповты және спортшылардың жеке жаттықтырушыларын тамаша нәтижемен құттықтаймын! Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды