Үшінші жекпе-жегінде Геннадийдің алатын ақшасы "Канелодан" екі есе аз екен

Сурет: Instagram/gggboxcing
Бүгін, 18 қыркүйекте таңертең Лас-Вегаста өтіп жатқан бокс кешінде Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің алатын гонорарларының сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Mirror мәліметінше, мексикалық боксшының шоты 45 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорармен толығады, ал Геннадий Головкиндікі екі есе аз, нақтырақ айтқанда 20 млн доллар болады.

Боксшылардың гонорар мөлшері төмендетіп көрсетілген, өйткені спортшылар трансляциялар мен билеттен түскен ақша түріндегі бонустар арқылы табысын тағы арттыра алатыны ескертіледі.

2017 жылы Сауль Альварес бірінші жекпе-жегінде 5 млн доллар, ал отандасымыз 3 млн доллар алды, екінші кездесуде мексикалыққа дәл бұрынғы сома төленді, ал Головкин 4 млн доллар алған еді.

Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жектің кеші осы минуттарда Еуразия Бірінші арнасында көрсетіліп жатыр. GGG мен Canelo арасындағы айқас басталар алдында Димаш Құдайберген Қазақстанның әнұранын шырқайды.

АҚШ
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті