WBA Головкиннің келесі қарсыласын белгіледі

Сурет: Instagram/gggboxing
Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) комитеті орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин мен осы санаттағы чемпион Эрисланди Лара арасында жекпе-жек өткізуді міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Головкин мен Лараның жекпе-жекке қатысты бір келісімге келуі үшін бір айдай уақыты бар. WBA хабарламасында уағдаластыққа берілген уақыт 23 қазанға дейін деп көрсетілген.

Негізінен, WBA ережелері бойынша чемпион атанғаннан кейін 120 күн өткен соң ресми үміткер белгіленіп, ол өз титулын қорғауы үшін сол спортшымен рингке шығуы керек.

Егер белгіленген мерзімге дейін Головкин мен кубалық боксшы Лара жекпе-жек туралы өзара келісімге келе алмаса, Головкиннің пайдасына 75-тен 25 пайызға дейінгі арақатынаста жүлде қоры бөлініске түсетіндей шартта промоутерлік сауда тағайындалады.

18 қыркүйекте Головкин Альвареске жол беріп қойды. Төрешілердің шешімімен Сауль Канело Альварес жеңді. Головкин-Канелоның жекпе-жегін 20 мыңға жуық көрермен тамашалады

Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді