Қазақстандық қыз Черногорияда үстел теннисінен өткен турнирде қола жүлдегер атанды

Сурет: Instagram/almaty_ttf
Черногория астанасы Подгорица қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Podgorica 2022 халықаралық турнирі өтіп жатыр.Осы жарыстарда алматылық Айназ Әділгереева үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 26 елінің өкілдерімен 13 жасқа дейінгі жас санатында алматылық Айназ Әділгереева сәтті өнер көрсетті. Жас спортшы жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Турнир басында тайпейлік Ву Ин-Сюаннан 1:3 есебімен жеңілген Айназ Әділгереева жергілікті екі теннисші Аня Байовичті 3:0 есебімен және Анастасия Вуйовичті 3:2 есебімен ұтты.

Ширек финалда алматылық ойыншы Ана Сладоеден (Босния және Герцеговина) мықты болды, есеп - 3:2. Финалға шығу үшін Айназ венгр Йоханна Петеридің қарсылығын бұза алмады, есеп - 1:3.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы