Қазақстанда алғаш рет биатлоннан әлем чемпионаты өтеді

Сурет: Instagram/yjwch_kazakhstan
2023 жылдың 4-12 наурызында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан биатлонистер одағының мәліметінше, елімізге әлемнің ең мықты жас биатлоншылары келіп, бес түрлі спорт түрінен жарысады. Осылайша 18 жарыста жүлделі орындар сарапқа салынады. Оған 50-ден астам елден 800-ге жуық спортшы қатысады деп болжанды.

Біз мұндай ауқымды шараны Қазақстанда алғаш рет өткізіп отырмыз. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу - Қазақстанның биатлон тарихындағы маңызды кезеңі. Бұл шара елімізде балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына серпін береді деп ойлаймыз. Қазақстан биатлонистер одағының басшысы Ермек Қизатов

Осы дүниежүзілік жарысқа қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы Щучьедегі базада желтоқсан айында өтетін Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша анықталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?