Зарина Нұрғалиева шахматтан Азия чемпионы атанды

Сурет: pixabay
Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында шахматтан Қазақстан құрамасы жақсы өнер көрсетті. Жас шахматшыларымыз жеңіп алған үш жүлденің біреуі – алтын. Оны Зарина Нұрғалиева жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Зарина Нұрғалиева үздік шықты.

18 жасқа дейінгі қыздар арасында Ксения Балабаева күміс медальді жеңіп алды. 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Елназ Қалиахмет үшінші орынға ие болды.

Бұл үш жүлде қазақстандық шахматшыларға 2022 жылғы Чемпионатта командалық есепте үшінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды