"Барыс" клубы ҚХЛ чемпионаты аясында қатарынан төртінші рет ұтылды

Сурет: hcbarys.kz
"Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың тұрақты маусымында бірінен кейін тағы бір сәтсіздікке ұшырап, қатарынан төртінші рет жеңілді. Соңғысында сыртқы алаңда астаналықтар Новосібірдің "Сібір" командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық хоккейшілер өз жанкүйерлері алдында соңғы кездегі сәтсіздіктерін жуып-шайғысы келіп, ойынға жең түре кірісті. Бастапқыда барлығы ойдағыдай болды да.

"Барыс" командасы Линден Вей мен Михаил Мищенконың соққан шайбаларының арқасында 2:0 есебімен алға шығып, тез арада ойынды өзгертті.

Бірінші кезеңнің соңында алаң иелері активін Никита Коротков бір голмен толықтырды. Осылайша есін жиған "Сібір" бастырмалата ойнай бастады. Екінші таймда Александр Шаров тағы бір гол соғып, есепті теңестіре алды.

Барлығы соңғы 12 минутта шешілді, новосібірліктердің жолы болып, тағы екі рет гол соқты, есеп - 4: 3. Үшінші кезеңдегі шайбаны отандық клуб хоккейшісі Дінмұхамед Қайыржан соқты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз