"Қайрат" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жолдама алды

Сурет: Instagram/afckairat
"Қайрат" клубы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі сатысының қорытынды кезеңінде жеңіске жетті. Бірінші топтағы матчта алматылықтар Францияның "Спортинг Париж" командасынан 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық команда үшін бұл - топтық кезеңдегі екі тең ойыннан кейінгі бірінші жеңісі. Француздармен кездесуде "Қайратқа" Дәурен Тұрсағұлов, Кайо және Диего Фаверо жеңіс әкелді.

Бұл жеңіс Қазақстан командасының кіші топтың үздік үштігінен орын тебуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда жарыс регламентінде көрсетілгендей, Чемпиондар лигасының элиталық сатысына да жолдама беріледі.

Бұған дейін Какау шәкірттері "Халле-Гооикпен" (Бельгия) - 2:2 және испандық "Пальмамен" 2:2 есебімен тең түсіп, бейбіт тарқасқан.

Айта кетсек, тағы бір Қазақстан командасы - "Аят" Хорватияның "Пула" клубымен кездесті. Топтың қорытынды матчында отандық ұжым қарсыластарына 2:5 есебімен жол беріп, жарыстан тыс қалды.

УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раундының жеребесі 8 қарашада тартылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз