Бокстан АЧ-2022: Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды

Сурет: kfb.kz
Амманда (Иордания) бокстан өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында Назым Қызайбай жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Назым Қызайбай 1/8 финалда 50 келіге дейінгі салмақта тай боксшысы Чутхамат Раксатпен қолғап түйістіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша отандасымыз ширек финалға жолдама алды.

Азия чемпионатында әйелдер арасынан еліміздің атынан алда әлі Алуа Балқыбекова (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) сынды спортшы қыздар өнер көрсететінін еске сала кетелік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды