"Астана" командасы футболдан Қазақстан чемпионы атанды

Сурет: Instagram/fca.astana
"Астана" футбол клубы өз тарихында 7-ші рет Қазақстан чемпионы атанып, осы маусымның Премьер-лигасындағы үздік команда ретінде танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚПЛ-2022 чемпионы кім болатыны соңғы 26-турда шешілді. Атақ үшін соңғы тур алдында 2 ұпаймен ғана ерекшеленген екі беделді команда - "Астана" мен "Ақтөбе" өзара таласқа түсті. Турнир кестесі бойынша жоғары тұрған елордалық команда сыртта қарағандылық "Шахтермен" кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Батыс Қазақстан клубына ешқандай мүмкіндік қалмады.

"Ақтөбе" өз алаңында алматылық "Қайратты" қабылдады. Бірінші таймда 0:1 есебімен ұтылып жатқан олар арада 6 минут өткенде ұпайды теңестіріп, 3:1 есебімен тез алға шықты. Ал екінші таймды ақтөбеліктер 4:1 есебімен аяқтады. Бұл жеңіс "Ақтөбеге" ҚПЛ чемпионатында 2-ші орын алуға мүмкіндік берді.

ҚПЛ-2022 чемпионатының қола жүлдегері Қостанайдың "Тобылы" Оралдың "Ақжайығымен" сыртқы алаңда кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

26-турдың қорытындысы бойынша Премьер-лига қатарынан "Ақжайық" пен "Тұран" командалары шеттеді. Алдағы маусымда олардың орнын "Оқжетпес" (Көкшетау) пен "Қайсар" (Қызылорда) басады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады