Бокстан АЧ-2022: Қазақстан әйелдер құрамасының қоржыны үш қола медальмен толықты

Сурет: kfb.kz
9 қарашада Иорданияның Амман қаласында бокстан 2022 жылғы Азия чемпионаты аясында әйелдер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Күндізгі сессияда Қазақстан намысын қорғаған төрт боксшының үшеуі қола медальмен шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалғыз Жайна Шекербекова ғана финалға жолдама алды.

Отандық боксшы Ләззат Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үндістандық Альфия Тараннум Акраммен кездесті. Төрешілер шешіміне сәйкес, Ләззат қарсыласынан жеңілді.

Осылайша, Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионатының қола жүлдері атанды.

Күндізгі сессияда Азия чемпионы Мәдина Нұршаева 66 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Чой Хон Гюнмен бақ сынасты. Кездесу өте тартысты өтті. Алайда қазылар жеңісті кореялық боксшыға берді. Осылайша Мәдина қола жүлдені місе тұтты.

Күндізгі сессияда 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай 1/2 финалда екі дүркін әлем чемпионы, жапония өкілі Намики Цукимиге жол беріп, қола жүлдегер атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі