Бокстан АЧ-2022: Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды

Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Алуа Балқыбекова алтын медаль иеленіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері А.Балқыбекова 11 қараша күні өтетін финалда 48 келіге дейінгі салмақта жапониялық Като Хикарумен жұдырықтасуы керек еді. Соңғы мәліметке қарағанда, жапониялық спортшы жартылай финалда сол қолынан жарақат алған. Сол себепті рингке шықпайтын болды6 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амманда бүгін ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде. Боксшы Санжар Тәшкенбай және тағы 2 қазақстандық Азия чемпионатының финалына шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды