Бокстан АЧ-2022: Ауыр салмақта өнер көрсеткен Қамшыбек Қоңқабаев күміс медаль иеленді

Сурет: sports.kz
Амманда (Иордания) өтіп жатқан 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатында Қамшыбек Қонқабаев ақтық сында Өзбекстан боксышысымен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

92 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қоңқабаев Өзбекстанның боксшысы Лазизбек Муллажоновпен алтын жүлдені өзара сарапқа салды. Бұл жолы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен өзбек спортшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осылайша, Қамшыбек Қонқабаев Азия чемпионатындағы төртінші күміс жүлдесін еншіледі (2017, 2019 және 2021 жылдары). Одан бөлек Қоңқабаев - 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019).

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз