Мәскеуде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокстан турнир өтті

Сурет: видеодан алынды
Мәскеуде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокстан турнир өтті. Жарысты Ресейде тұратын отандастарымыз ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш  күндік спорттық шараға Тараздан келген боксшылар және ресейлік командалар қатысқан. Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов облысынан және Ингушетиядан бас-аяғы 74 спортшы барған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Айта кетсек, мұндай турнир Ресей астанасында екінші  рет өтіп жатыр.

Бірінші турнирде қаржылық жағынан қиындық болды, өз қаражатымды, жалақымды инвестициялауға тура келді. Биыл бастамашыл адамдар пайда болғанына қуаныштымын, кездесіп, бас қосып осы Бауыржан Момышұлы атындағы турнирді өткізуді ұйғардық. Маған Бауыржан Момышұлы туралы кітап сыйға берілген. Оны оқып шыққан соң Мәскеуде осындай турнир өткізгім келді. Бұл ойымды Мәскеу қаласының бокс федерациясы қолдады, екінші жылы осы залды ұсынып отыр, оларға алғысым шексіз. Турнирді ұйымдастырушы Мерген Исенғалиев
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі