Шетелдік маман Жәнібек Әлімханұлының соңғы жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Decision dividida промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес желіде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензель Бентлидің жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жәнібек қолынан келгеннің бәрін жасады, арбитр оның қолын көтерді, ол әлі де әлем чемпионы. Дегенмен... Кейде боксшыдан талап етілетін жалғыз нәрсе - өз жекпе-жегінде жеңіске жету. Бұл арада мәселе мынада, Әлімханұлы өзін рингте қателеспейтін, қолынан келетін барлық айла-шарғыны паш ету арқылы жеңіліп көрмейтін дию секілді көрсетіп келді. Ол рингте сондай, оған сенемін. Сондай-ақ ол өзін өз салмағындағы сұм секілді "сатады" (жарнамалайды - авт). Яғни, осы биік міндеттерге сай ойынды көруге келеді көрермендер. Сондықтан Әлімханұлына жұмыс істеу керек, өйткені оны алда Бентлиге қарағанда әлдеқайда мықты қарсыластар күтіп тұр", — деп Sports.kz Родригестің Твиттердегі жазбасын келтіреді.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды