ӘЧ-дан "ұшып" кеткен Германия құрамасының ойыншысы өздеріне не жетіспегенін айтты

Сурет: Twitter/FIFA World Cup
Реалдың және Германия құрамасының қорғаушысы Антонио Рюдигер өз ұлттық құрамасының 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне де өте алмай, сенсациялық жағдайда "ұшып" кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, немістер топтық кезеңде Жапонияға жол берді (1:2), одан кейін Испаниямен тең түсті (1:1) және Коста-Риканы ұтып кетті (4:2). Бірақ, өкінішке қарай, олардың плей-оффқа өтуі үшін мұның бәрі жеткіліксіз болып шықты, деп хабарлайды championat.com.

"Біз бастапқы нүктеге қайтып оралдық, бұл - ащы шындық! Бізде таланттар, мықтылар көп болды, бәрі әп-әдемі, керемет жарасымды. Бірақ жетістікті құрайтын басқалай да нәрселер бар. Бұл - жеңіске деген қандай да бір ашкөздік, бұл - жалаңдаған лас нәрсе, бізге жетіспегені осы болды. Біз өте-өте құрметті командамыз", — деп журналист Керри Хоу өзінің Twitter-інде Антонио Рюдигердің сөзін келтіреді.
Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін