Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жеңімпазы болды

Сурет: csp-parasport.kz
Финляндияда Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңінде 10 км қашықтықты 32:37.0 уақытта бағындырып, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), үшінші орын да украиналық Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Бұл - Әлем кубогының кезеңіндегі  Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

Еске сала кетсек,  Пара шаңғы мен пара биатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.

Жарыста Ербол Хамитов пара шаңғыдан 5 шақырым қашықтықта күміс жүлде, 10 шақырым қашықтықта қола жүлдені еншілесе, ал Александр Герлиц пара биатлоннан 12.5 шақырым қашықтықта қола медальға ие болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты