Екі нокаут, бір нокдаун. Азия чемпионатында үш қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Сурет: sports.kz
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында үш қазақстандық спортшы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Ол таиландтық Роекпиджит Суфарекпен жұдырықтасып, оны үш рет нокдаунға жіберіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Бастапқыда төрешілер таи боксшысына көбірек ұпай ұсынған. Сондықтан Мұхамедсабыр Базарбайұл оларға дау тудырмастай осылайша тамаша жауап қатты. Жойқын шайқастың видеосына мына сілтеме арқылы өте аласыздар.

Базарбайұлы жартылай финалда моңғолиялық Тулга Оюнбаатармен кездеседі.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов 71 келіге дейінгі салмақа кувейттік Сальман Аль-Шаммаримен рингке шықты. Бірінші раундта Сабыржан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Сөйтіп, бұл кездесу де техникалық нокаутпен аяқталды.

Тағы бір қазақстандық Диас Молжігітов 75 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Даниэл Абдрахмановты айқын басымдылықпен ұтты. Бұл жекпе-жекте де бірінші және үшінші раундта нокдаун тіркелді.

Осылайша, үш боксшы жартылай финалға шықты. Бұл – кемінде қола жүлде қоржында деген сөз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты