Азия чемпионатында өнер көрсеткен тоғыз боксшы қыздың екеуі финалға жолдама алды

Сурет: sports.kz
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасында бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасынан екі боксшы финалға жолдама алды, ал жетеуі жартылай финалда өз ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

70 келіде өнер көрсететін Жасмин Кизатова мен 81 келіде Гүлсая Ержан алтын медальдан үмітті. 

Жасминнің қарсыласы өзбекстандық Азиза Зорикова болса, Гүлсая тай боксшысы Порнипа Чутиға қарсы өнер көрсетеді, делінген kzsports-тың Instagram парақшасында.

Финал 25 қаңтарда Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Айта кетсек, 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан Азия чемпионатында ерлер құрамасынан 11 спортшы өнер көрсетіп, оның алтауы финалға шықты. Олардың қатарында Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі) бар.

Оқи отырыңыз: Бокстан АЧ-2023: Алтын медальға таласатын алты боксшымыздың қарсыластары анықталды



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады