Пара шаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионатында тағы бір медаль жеңіп алды

Сурет: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы
Ербол Хамитов 12,5 қашықтықты 41:37,9 уақытта бағындырып, әлем чемпионатында пара биатлоннан қола жүлдеге ие болды. Бұл Zakon.kz басылымына Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады.

Жарыста АҚШ спортшысы Арон Пайк 41:26,8 уақытта мәреге бірінші болып жетсе, неміс спортшысы Скот Минах 41:32,9 уақытымен екінші орынды еншіледі.

Бұған дейін Ербол Хамитов әлем чемпионатында пара биатлоннан 7,5 қашықтықта қола жүлдеге, ал спринт жарысында алтын медальға қол жеткізген еді.

Пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетуде.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты