2023 жылғы бокстан әлем чемпионатына байкот жариялаған елдер қатары толығып жатыр

Сурет: Instagram/aiba_official
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жеті бокс федерациясынан алдағы ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қарсы бойкот жариялағаны туралы хабарлама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп - Ресей мен Беларусь боксшыларының 2023 жылғы әлем чемпионатында өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат берілуі.

Өткен аптада АҚШ бокс федерациясының өкілдері 2023 жылғы әлем чемпионатына бойкот жариялады. Содан кейін бұл акцияны Чехия, Англия, Канада, Ұлыбритания және Ирландия бокс федерациялары қолдады. Ал бір күн олардың қатарына Швеция келіп қосылды. Швеция бокс қауымдастығының басшысы Пер-Аксель Шехольм егер ресейлік және беларусь спортшылары қатысатын болса, онда олар әлем чемпионатына қарсы жарияланған бойкотқа қосылатындарын айтты, деп хабарлайды SVT.

"Мұнда демократия да, ашықтық туралы да сөз жоқ. Біз IBA үндеуін қабылдамаймыз. Демократия мен ашықтық жоқ. Біз өзгерістер болу үшін бірнеше жыл талмай жұмыс істедік, бірақ нәтиже шықпады. Ресей мен Беларусь елдерін жарыстарға жіберіп, өз тулары астында өнер көрсетуге рұқсат беру туралы шешімді олар өздері қабылдады". Швеция бокс федерациясының президенті Пер-Аксель Шехольм

Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты Үндістанда 15-31 наурыз аралығында, ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстанда өтеді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік