Қазақстандық мергендер стендтік атудан Азия кубогында 5 медаль жеңіп алды

Сурет: Facebook/Асхат Оралов
Қазақстандық мергендер Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия кубогында 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты хабарды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, спортшылар барлық жүлдені "скит" жаттығуында — дөңгелек стендте атудан жеңіп алды.

Шымкенттік мерген Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сияқты спортшылардан жасақталған құрама сапында командалық жарыста алтын алды.

Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон және Артем Седельников бастаған ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола жүлдеге қол жеткізді.

"Қазақстан спортшыларының кейінгі жетістіктері (мысалы, Әлем Кубогының жалпы медальдық есебінде бірінші орын) кездейсоқтық емес екенін тағы да көрсетеді. Бұл, әсіресе, Париж Олимпиадасы қарсаңындағы сөзсіз зор қуаныш. Өтіп жатқан турнир барысында біздің мергендер жеңіс тұғырына тағы бірнеше рет көтерілетініне сенімдімін. Спортшыларымызға сәттілік тілеймін және барлық қазақстандық жанкүйерлерді Азия Кубогының сәтті басталуымен құттықтаймын".Асхат Оралов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы