Александр Бублик теннистен Марсельдегі турнирдің финалына шыға алмады

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP 250 турнирінің жартылай финалында поляк Губерт Харкачтан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын Францияның Марсель қаласында өтті. Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:4) есебімен ұтылды.

Матч 1 сағат 35 минутқа созылды. Қазақстандық 12 эйс жасап, үш қосарлы қателік жіберіп, үш брейк-пойнттың ешқайсын ала алмады.

Бұған дейін Булик ширек финалда дүниежүзінің 25-ракеткасы, болгариялық теннисші Григор Димитров сенсация жасап жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші кейінгі бес айда алғашқы рет жартылай финалға шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты