UFC 285 Джон Джонсон мен Сирил Ганның ауыр салмақтағы титулдық жекпе-жегін қоса алғанда, оқиғалардың әсерлі тізімін дайындады. Бірақ қазақстандықтар үшін ең қызықтысы ол, Шавкат Рахмонов (16-0) пен Джефф Нил (15-4) арасындағы жекпе-жек болатыны сөзсіз. Қазақстандық жауынгердің соңғы шайқасы өткен жылдың маусым айында өткен, онда Рахмонов екінші раундта америкалық Нил Мэгниді сабмишн жасап жеңген еді. Сол уақыттан бері "Көшпендінің" оралуын отандастарымызбен бірге тхэквондо бойынша экс әлем чемпионы және Parimatch беттинг компаниясының жекпе-жек өнері бойынша сарапшысы - Фараби Давлетчин де тағатсыздана күтті .
"Шавкат Рахмоновты мен ММА-дан әлем чемпионатынан бастап, Федор Емьяненконың өзінен сыйлық алып, жеңімпаз атанған кезден бақылап келемін. Біз бір залда жаттығатынбыз, сол жерде мен оның дайындығын қызығушылықпен бақылайтынмын. Рахмонов-әмбебап күрескер. Тұрыста да, партерде де жақсы жұмыс істейді. Маған оның шабуыл стилін ұстанатындығы және жекпе-жекті кез-келген тұрыстан партерге еш қиындықсыз ауыстыратындығы ұнайды. Сонымен қатар, мүмкіндік туындаған кезде қарсыласын айналдырып лақтыруды өте жақсы іске асырады . Шавкат, менің білуімше, өз жолын дзюдо мен самбодан бастаған, сонымен қатар еркін күрес спортының шебері. UFC-ге ауыспас бұрын ол Kazakhstan MMAF кәсіби лигасының белбеуін жеңіп алып, M-1 Global чемпионы атанды. 28 жасында Шавкат UFC жартылай орта салмақтағы титулға нық басып келеді - бұл жеңіліс көрмей 16 жеңіске жетуі осының айқын дәлелі".
Джефф Нил, Давлетчиннің пікірінше, лайықты күрес жүргізе алады, бірақ кейбір көрсеткіштер бойынша Рахмоновқа жол береді.
"Қарсыласы Джефф Нилге келетін болсақ, оның артықшылығы бокс болып табылады. Ол мықты және дәл нокаут соққыларымен мақтан ете алады, сол үшін "Үздік финишер 2019" атағының иегері болып табылады. Джефф соққыны жақсы ұстайды, сондықтан терең нокаутқа түсіп көрген емес. Оның керемет кардиосы бар, ол 3 раунд бойы шайқасты қарқынды жүргізе алуына мүмкіндік береді. Алайда, күресте оның дағдылары әлсіздеу болып келеді. Әзірге ол жәй ғана мықты соққылары мен тейкдауннан жақсы қорғанысы бар жауынгер".
Алдағы жекпе-жекте Давлетчин Рахмонов күресті партерге ауыстыра алған жағдайда, отандасымыз жеңісін мерзімінен бұрын қанжығасына байлай алатынын болжайды.
"Менің ойымша, Шавкат Рахмонов бұл жекпе-жекті 2-раундта немесе 3-ші раундтың басында төреші шешімін күтпей-ақ мерзімінен бұрын аяқтайды. Егер Шавкат күресті партерге аударса, онда Джеффтің жеңіске деген ешқандай мүмкіндігі қалмайды. Бұл шайқас партерде ауырту әдісімен аяқталады деп ойлаймын. Нилл ешқашан мерзімінен бұрын ұтылған емес, сол жағдайды алғашқы болып Шавкат іске асырып, оны жүзеге асыра алады. Мен Рахмоновқа жанкүйер боламын, оған сәттілік тілеймін және жақын арада біз оны UFC-дің алғашқы қазақстандық чемпионы ретінде қарсы аламыз деген үміттемін".
Фараби Давлетчиннің ресми серіктесі, Parimatch жекпе-жекке келесі коэффициенттерді ұсынады:
Нилдің жеңісі - 5.00, Рахмоновтың жеңісі - 1.15